KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып отырмыз – Ақшолақов

4.04.2023, 18:27 4 831 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің экс-басшысы Болат Ақшолақов айтты.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде Қазақстанда дизель өндіру көлемі артса да, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқан.

Экс-министр бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін екенін алға тартты.

Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше). Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, дейді Ақшолақов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив