Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандады
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік бағасы арзандады.
Наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түрінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Ranking.kz порталының мәліметінше, наурыздың соңғы аптасында картоп (07%), пияз (0,3%), қырыққабат (0,1%) қарақұмық (1,3%), күнбағыс майы (1,1%), қант (0,8%) және құс еті (0,4%) арзандады. Ал бірінші сұрыпты ұн, одан дайындалған нан, майлылығы 2,5 пайызды құрайтын сүт бағасы өзгермеген.
Оқи отырыңыз