KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Фото: ашық дереккөз

6.05.2023, 16:17 501

Үкімет азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында айтылды.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болған-ды.

Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді.

Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды.

Тіркеу үшін:

- өтініш;

- ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі;

- техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет. Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

  Айта кету керек, Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөліктің тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі.

  Қоса кетейік, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив