KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Оқу-ағарту министрлігі оқулықты ерте өткізу фактілерін тексереді

25.05.2023, 17:00 307 ALTAINEWS

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықты 31 мамырға дейін тапсыру туралы шағымдарға жауап берді.

Әлеуметтік желіде оқушылар оқулықтарын кітапханаға тапсырып, сабақта бос отырғаны туралы фактілер жарияланған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Кей мектептерде рюкзаксыз күн, пижама күні, Color party сияқты сабақ кестесі ұсынылған.

«Қазір тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді, кейбір жерлерде фейк ақпараттар да шығып жатыр»,  деді министр Үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай фактілер анықталғаннан кейін нақты шаралар қабылданады.

«Мұнда қаншалықты маңызды фактілер екенін көрейік. Нақты стандарт бекітілген. Әр мектеп білім беру стандартын орындауы керек. Мектеп басшылығы жақсы түсінетін белгілі бір ережелер, заңнамалық ережелер бар. Алдымен стандарттың қаншалықты бұзылғанын анықтау керек», деп түсіндірді Ғ.Бейсембаев.

Айта кетейік, биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқушыларға арналған соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив