KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қазақстанда VIP-нөмірлерді онлайн сатып алуға болады

30.05.2023, 12:00 217 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандықтар автокөліктерге арналған VIP-нөмірлерді онлайн сатып ала алады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін VIP-нөмірлерді арнайы әзірленген сервис арқылы таңдап, сатып алуға мүмкіндік пайда болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Сервис Цифрлық даму министрлігінің "Smart Bridge" сервистер витринасында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді.

Сонымен қатар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде VIP-нөмірлерді таңдауға және броньдауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив