KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Ауылдарға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Фото: egemen.kz

31.05.2023, 17:47 256

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрық-жобасын ұсынған.

Құжатқа сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін баратын мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері артпақ, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-тен (345 000 теңге) аспайды. Аудан орталықтарына барған мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 2500 АЕК-тен (8 625 000 теңге) аспайтын мөлшердегі бюджеттік кредит ұсынылады. Бұл қолдау ауылдық елді мекендерге барған мамандар үшін 2 000 АЕК-тен (6 900 000 теңге) аспауы тиіс.

«Осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит – 1 500 АЕК (5 175 000 теңге) аспайды», делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта.

Демек, келер жылға дейін аудандар мен ауылдарға барған жас мамандарға үй алу үшін берілетін қаражат көлемі 5,1 млн теңгені құраса, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома аудан орталықтары үшін 8,6 млн., елді мекендер үшін 6,9 млн теңге болып бекітіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив