KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 7 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда 500 мыңнан жоғары айлықты қанша адам алады?

Фото: egemen.kz

2.06.2023, 17:39 374

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов еңбекақы статистикасының қалай анықталатынын түсіндірді.

Дерекке сүйенсек, халықтың жұмыс істейтін бөлігінің 5%-ы 560 мың теңгеден жоғары еңбекақы алады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орташа айлық көлемі 340 мың теңге болды деп отырмыз. Айлықтың диапазоны өте кең. 70 мың, тіпті одан да аз алатындар бар. Олардың үлесі 5-6 пайыз ғана. Аса жоғары деңгейде айлық алатын санат бар. 1-2 млн теңге немесе одан да көп алады. Ең жоғары айлық алатын 5 пайызды айтсақ, олар 560 мың теңгеден жоғары табады, – дейді Жандос Шаймарданов.

Ол сонымен қатар медианалық және модальдік айлық ұғымдары туралы да түсіндірген.

– Медианалық айлықты да өлшейміз. Медианалық дегеніміз жұмыс істейтін халықты табысына байланысты теңдей екіге бөледі. Бұл шама бізде бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша – 225 мың теңге болды. Яғни орташа айлық медианалық айлық көлемінен өзгеше болуы мүмкін. Үшінші өлшем – модальдік айлық. Бұл – елдегі ең жиі кездесетін айлық деген сөз. Оны біз жылына бір рет қана жариялаймыз. Мысалы, былтыр оның мөлшері 68 мың теңге болған. Яғни, мен депутаттардың статистика өтірік сөйлейді деген пікірімен келіспеймін, – деді бюро басшысы.


           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив