KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Мемлекеттік күзет қызметі енді Елбасын күзетпейді

Фото: sputnik.kz

2.06.2023, 19:31 389

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аталған мекеме енді Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты күзетпейтін болды.

Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің жаңа редакциясына берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, мұндай өзгеріске «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы күшінің жойылуы себеп болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Дәлірек айтсақ, «Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру», деп жазылған 16-тармақтың күші жойылған.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Президенттің Жарлығында:

«Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген.

Құжат 14 маусымға дейін жария талқылауға шығарылған.

Бұған дейін Қазақстанда көпшілік алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысына тигендерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті алып тастау жоспарланғанын жазғанбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив