KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Аягөз-Бақты теміржолының құрылысына қажетті жерлер белгіленді

Фото: pixabay.com

5.06.2023, 22:09 422 ALTAINEWS

Абай облысында Қытаймен теміржол тасымалын 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін теміржол құрылысы жоспарланған.

Қазіргі таңда Аягөз-Бақты теміржол бағытының құрылысына қажетті жерлер белгіленіп, резервке қойылған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев көшпелі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Абай облысының аумағында салынатын теміржолдың ұзындығы 270 шақырымды құрайды. Оның құрылысына қажетті жерлер белгіленіп қойған екен.

"2024-2025 жылдары көлік дәліздерін кеңейту үшін ұзындығы 270 км болатын Бақты-Аягөз теміржолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта теміржол трассасының сызбасын Үкіметпен және "Қазақстан теміржолы" акционерлік қоғамымен бірлесіп жасап жатырмыз. Әкімдік теміржол салу мақсатындағы жерлерді белгілеп, резервке қойды", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ облыс әкімі бұл жобаны іске асыру Қытай Халық Республикасымен арадағы теміржол тасымалының көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив