Мемлекеттік балабақшалар тек қазақ тілінде білім беруі мүмкін

Фото: egemen.kz
Болашақта елдегі мемлекеттік балабақшалардағы оқу-тәрбие тек қазақ тілінде берілуі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қазақ тілді балабақшаға сұраныс артқан, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Бүгінде елімізде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның жартысы – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беретін мекемелер. Біз қазақ тілді балабақшаға сұраныстың артып жатқанын байқап отырмыз. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім департаменті барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тілінде тәрбие беруге көшіру жағын қарастырып жатыр. Бүгінде департамент қанша балабақша барын, оның қаншасы қазақ тілінде екенін нақтылап жатыр, – деді Ғани Бейсембаев.
561
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% көбейедіҚазақ және орыс топтары бір грантқа таласуы мүмкінҮкіметтің, министрліктердің жиындары қашан қазақ тілінде өтіп, Парламент қарауына түскен заң қазақ тілінде дайындалады? - О.АсанғазыҮлкен Нарында алғаш рет қазақ сыныбы ашылдыTiJi, Nickelodeon арналарының 800 сағат өнімі қазақ тіліне аударылады