Өскемен
+26°
ясно ветер 1 м/с, С
448.71 479.67 5.52

Сайлау-2023: ШҚО-да автобуспен қатынау тегін

19.03.2023, 17:20 340 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында бүгін сайлаумен қатар бірқатар қызықты іс-шара ұйымдастырылуда. Айталық, азық-түлік және қол өнер бұйымдарының жәрмеңкесі, түрлі байқаулар мен акциялар өткізілді. Сайлаушыларға мерекелік дастархан жайылды және тәтті тарту ұсынылды.

Сондай-ақ бүгін Алтай, Зайсан, Катонқарағай және Глубокое  аудандарында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, 199 сайлау учаскесінің жанында сауда пункттері ұйымдастырылды. 169 учаскеде мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар сайлау учаскесіне бірінші келген адамға, жүзінші және мыңыншы сайлаушыға, тұңғыш дауыс берушілерге және болашақ сайлаушыларға сыйлық табысталды.

Барлық учаскеде дерлік дауыс берушілер үшін фотоаймақ орнатылған.

340
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив