KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскеменде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Бақылауға алына ма?

12.04.2023, 12:19 301 Оразай Жеңісұлы

Қазір Өскемен қаласында азық-түлік бағасы шарықтап кетті.

Баға мәселесі ШҚО әкімінің бүгін өтіп жатқан есеп беру кездесуі барысында көтерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, негізгі дүкендер бақылауда екен. Ет, май, сүт бағасы республикалық орташа бағадан төмен.

– Қазіргі уақытта облыс орталығында Жібек Жолы көшесінің бойында көтерме-тарату орталығы салынып жатыр. Бұл орталық салынса, азық-түлік сауда-саттығында делдал болмайды, бәрі өзімізде сақталады. Тиісінше, баға жоғарыламайды, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, аталмыш көкөніс қоймасының жалпы ауданы он мың шаршы метрге жуықтайды. Қыс мезгілінде 18 мың, жазда 7 мың тонна көкөніс сақталады. Жалпы, бұл орталықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін сақтауға мүмкіндік бар.

Жобаның құны – 20 890 193,12 теңге.  Құрылыс алаңында көтерме-тарату орталығының негізгі ғимараты, екі көкөніс қоймасы, қонақ үй, кросс-дог және әкімшілік ғимаратының негізі қаланып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив