KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да адамы аз 29 ауылға бас жоспар қажет емес

26.04.2023, 14:31 288

2022 жылғы 24 ақпанда облыс әкімдігінің қаулысымен облыс елді мекендерінің (ЕМ) бас жоспарларын (даму және құрылыс сызбаларын) әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасы қабылданды.

Соған сәйкес (облыс әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы қаулысына сәйкес өзгерістермен) 2025 жылға дейін 163 перспективалы және маңызды ЕМ бас жоспарларын дамыту және салу жоспарлары мен сызбаларын әзірлеу және түзету жоспарланған  (2022 жылы – 7, 2023 жылы – 46, 2024 жылы – 58, 2025 жылы – 52), деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис облыста 29 ауыл үшін бас жоспар әзірлеудің қажеті жоқтығын атап өтті. Себебі олардың болашағы жоқ, тұрғындар саны елуге де жетпейді.

 

– 2022 жылы жоспарланған 7 бас жоспарға (даму және құрылыс салу сызбаларына) бюджет қаражаты толық көлемде бөлінді. Соған орай, Зайсан ауданында даму мен құрылыс салудың 3 схемасы әзірленді. Олар: Үлкен Қаратал, Шалқар, Айнабұлақ ауылдары. Бекіту ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. Шемонаиха ауданында Усть-Таловка, Выдриха, Медведка, Убинка ауылдары бойынша 4 бас жоспар әзірленуде. Әзірлеуді аяқтау және бекіту ағымдағы жылдың III тоқсанына жоспарланған, – деді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.

Жалпы, өңірде 2023 жылы бекітілген Жол картасына сәйкес 46 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу қажет.

Бүгінгі таңда Жол картасының іс-шараларынан басқа 7 ЕМ-нің қала құрылысы жобаларын әзірлеп, түзету жүзеге асырылуда.

– Оның ішінде Риддер қаласының бас жоспарын, Үлбі кентінің бас жоспарын түзету, Ұлан ауданы Борсақ, Желдіөзек ауылдарының бас жоспарларын әзірлеу, Қ.Қайсенов кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын, Өскемен қаласының 19-шы және 8-ші тұрғын аудандарының жобаларын түзету бар, – деп қосты Надежда Михейлис.

Оған сенсек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке инвесторлар есебінен Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылының да бас жоспары дайын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив