KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Самарда заңсыз алтын өндіргендер анықталған

27.04.2023, 16:15 262

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің мәліметіне сәйкес, бағалы металдарды заңсыз өндіру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою облыс үшін өте маңызды. Себебі өңір пайдалы қазбаларды өндіру бойынша басты қатарда. Облысқа алтынның баланстық қорының 40%-дан астамы тиесілі. 
Бүгінгі таңда бағалы металдарды заңсыз өндіру бойынша мониторинг аяқталып, бірқатар шара қабылданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мониторинг барысында лицензиялаудан кейінгі тиісті бақылаудың жүргізілмеуі және заңсыз өндірілген пайдалы қазба көлемінің құнын бағалайтын құзырлы органның болмауы сынды тәуекелдер анықталған. Аталған тәуекелдер өндіріс орындарында заңбұзушылыққа және құқық бұзушылардың жауапкершіліктен жалтаруына әкеледі. 
Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану жүйелі түрде қалыптасқан. Департамент басшысының дерегіне сәйкес, Самар ауданындағы Құлынжон өзенінің су қорғау аймағында кәсіпкерлер бірнеше жыл бойы өзен арнасын бұрып, құрамында алтыны бар құм өндіріп отырған. 
Департамент қызметкерлері халықпен кездескеннен кейін кен орнына барып, заңбұзушылықты анықтаған. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив