KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жастарға шағын несие алуға өтінімдер қабылданады – ШҚО

27.04.2023, 18:18 356 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да жастарға 2,5 пайызбен шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Биыл өңірде жастар үшін 1 млрд 90 млн теңгеге 218 шағын несие қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін биыл Қазақстанда жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылған болатын.

"Ұсынылған шаралар азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғамымызды үйлесімді әрі әділ етуге мүмкіндік береді", деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

ШҚО-да "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы өтінім қабылдау басталды. 

Жеңілдетілген кредит беру шарттары мынадай:

- қарыз сомасы 5 миллион теңгеге дейін;

- сыйақы мөлшерлемесі  жылдық 2,5%.

Қарыз мерзімі:

- мал шаруашылығын дамыту үшін  7 жылға дейін;

- бизнестің басқа бағыттары үшін  5 жылға дейін.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы  міндетті шарт. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.

Өтінімдер Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51 мекенжайында қабылданады.

Жастарға микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz сайтында орналастырылған. Қосымша ақпаратты 87010061651 телефон номері арқылы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив