KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Бір балық аулаған ШҚО тұрғыны 3 млн теңге төлейтін болды

шартты сурет

28.04.2023, 11:48 322 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген таймен балығын аулағаны үшін үш миллион теңгеден астам айыппұл төлейді.

Заң бұзушы Бұқтырма балық инспекциясы, облысаралық бассейндік инспекция және Алтай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балық шаруашылығы комитеті өкілдерінің айтуынша, тайменнің салмағы 4,2 келі болған. Залал мөлшері – 3 105 000 теңге.

Қазір Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив