KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Күршім ауданына көшіп келетіндер қатары аз

Фото: qazdauiri.kz

29.04.2023, 14:22 309 Күмісжан Исан

Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов 2021-2025  жылдарға  арналған  Кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі  ұлттық  жобаның  орындалу  барысы туралы баяндамасында бірқатар мәселелер мен нәтижелердің жайын қозғады.

Әкімнің мәліметінше, бүгінгі күні өзге өңірлерден ауданға 2 адам ғана көшіп келіп, мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл қысқамерзімді кәсіпкерлік курсында оқыту бойынша 49 адамға облыстық бюджеттен 13,5 млн теңге қаражат бөлінген. Оқыту мамыр айына жоспарланған. Одан өзге, осы уақытқа дейін «Бастау бизнес» жобасы аясында 66 адам оқыған.

Осы жылдың наурыз айында жаңа жеке бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 7 адамға гранттық қаржы берілді.

Аудан басшысының айтуынша, ауданға жұмыс күші артық өңірлерден 32 адам және 20 қандас көшіріп әкелу жоспарланған. Жолақы шығындары үшін жергілікті бюджеттен 0,8 млн теңге, тұрғын үйді жалға алу шығындарына 1,2 млн теңге, тұрғын үй сатып алу үшін берілетін мобильдік сертификатқа 40 млн теңге бөлінген көрінеді.

Бүгінгі таңда Алматы облысынан 1 адам және Қызылорда облысынан 1 адам көшіп келіп, мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив