Өскемен
-7°
туман Штиль
459.06 503.77 5.16

"Үйдене" мен "Қандысу" қашан жөнделеді? – ШҚО

Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ филиалы баспасөз қызметі

20.05.2023, 15:22 514 0 Оразай Жеңісұлы

  AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Жиында Зайсан ауданындағы «Үйдене» және Тарбағатай ауданындағы «Қандысу» қоймаларының құрылысына күрделі жөндеу жүргізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 – Бүгінде өңірде жөндеуді қажет ететін екі су қоймасы бар. "Үйдене" су қоймасының жобалық көлемі – 75,5 млн текше метр. 2016 жылдан бастап 241 «Қазсушар» РМК жарғылық капиталын ұлғайту бюджеттік бағдарламасы шеңберінде су қоймасын қайта жаңарту басталды. 2016-2017 жылдары 403 681,7 мың теңге игерілді. Жобалық сәйкессіздіктерге байланысты жұмыстар 2018 жылы тоқтатылды. 2019 жылы жобалық-сметалық құжаты түзетілді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Түзетуден кейін жобаның құны 1 290 661,4 мың теңгені құрады. Бүгінде мемлекеттік сараптама мерзімі аяқталды. Жобаны аяқтауға қажетті қаражаттың болжамды құны 1,9 млрд теңгені құрап отыр, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК ШҚОФ директоры Нұржан Әміржанов.

 AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасында Тарбағатай ауданындағы «Қандысу» су қоймасын 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу мәселесі нақты көрсетілген.

«Су қоймасының жобалық көлемі – 43,7 млн текше метр. Республикалық бюжеттен қаржыландыру мақсатында екінші рет көрсетілген ескертулерді ескере отырып өтінім қайта беріледі. Жоба оң қаралған жағдайда, қайта құру жұмыстары 2024 жылдың соңына қарай басталады», – деді Нұржан Әміржанов.

 AMANAT партиясының баспасөз қызметі су қоймаларындағы жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы бақылауда болатынын хабарлады.

514
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив