Өскемен
-7°
туман Штиль
459.06 503.77 5.16

ШҚО-да бірінші сыныпқа 9,5 мыңға жуық бала барады

сурет ашық дереккөзден алынды

21.05.2023, 09:30 375 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында келер оқу жылында 9,5 мыңға жуық бала бірінші сынып табалдырығын аттайды.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде 6 мың ата-ана өтініш берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Ата-аналарға құжаттарды өткізу үшін мектепке барудың қажеті жоқ. Өтініштер Egov электронды үкімет порталында қабылданады. Ата-аналарға оқу орнын таңдар кезде тезірек шешім қабылдауға кеңес береміз. Себебі қабылдау рәсімі 1 тамызға дейін ғана жүргізіледі. Яғни, ата-аналарға таңдау жасауға екі ай уақыт бар. Содан кейін оқулықтар санын қалыптастыру және мұғалімдерге сағаттық жүктемені бөлу жұмыстары басталады», – деді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Маманның айтуынша, өңірдегі мектептерге жаңа оқулық сатып алуға 450 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.

375
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив