KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Бағдат Мусин ХҚКО жұмысына баға берді – ШҚО

Фото: автордікі

25.05.2023, 13:13 594 Күмісжан Исан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ШҚО-ға жұмыс сапарымен келді.

Министр Өскемен қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министр Бағдат Мусин мен облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласы Белинский көшесі, 37А мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-ның жұмысымен танысты. Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыс тәртібі, облыстағы филиалдардың жұмысын бейнебақылау арқылы қадағалау сынды заманауи технологияларға қатысты жаңашылдықтарға баға берді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ХҚКО ғимаратының тар екенін айтып, жаңа ғимаратқа қатысты тапсырма берді.

– 19-шағын ауданда тауда үлкен ғимарат бос тұр. Сол ғимаратты қарап көруге болады. Қазіргі ғимарат біраз тар емес, өте тар. ХҚКО-ға үлкен ғимарат беру керек. Тапсырмалар оңай шешілетін ауқымды зал болуы тиіс, – дейді Даниал Ахметов.
 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив