KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өңірлік IT-hub ашылды — Өскемен

Фото: автордікі

25.05.2023, 21:21 351

25 мамырда облыс орталығы Өскемен қаласына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ат басын тіреді. Министр сапар аясында бірқатар мекеменің қызметі жайлы ақпарат алды.
Бағдат Мусин сапар аясында өңірлік IT-hub ашылуына қатысып, жаңа жобалар таныстырылымын тамашалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министр облыстағы байланыс қызметтеріне қолжетімділік сапасы мен электронды мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін және бақылайтын жабдықтардың жұмысын бақылап, тілшілерге құрылғыларды қолдану аясы жөнінде кеңірек түсіндірді. Сонымен қатар, Бағдат Батырбекұлы халықпен кездесіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, электронды үкімет және eGov mobile қосымшасының мүмкіндіктерін көрсетті.
Д.Серікбаев атындағы техникалық университетте өткен кездесуден кейін министр оқу орнындағы Smart инжиниринг орталығы, құрылыс саласына бейімделген орталық, табиғи және техногендік процестерді қашықтан мониторингілеу бойынша өңірлік орталықтағы жаңашылдықты көріп, жұмысына баға берді.
Өскемен қаласындағы көлік қозғалысын реттейтін Ситуациялық орталықты аралаған Бағдат Мусин біраз ұсыныс білдірді. Сонымен қатар, шенеунік қалада енді ашылған «Oskemen IT-hub» IT-hub ашылуына қатысып, жаңа жобаларды тамашалады.

 «Oskemen Hub»  Astana Hub-тың филиалы. ШҚО бойынша ол ең алғашқы IT- hub-тардың бірі болып отыр. Мақсатымыз жастарымыздың болашақ IT- жобаларын толыққанды қолға алу және болашақта жобаны аяғына жеткізу үшін барынша көмектесу. Біздің Hub бүгін ашылып отыр. Осы Hub негізінде біз өзіміздің бағдарламаларымыздың бәрін жүзеге асырып, тек қала бойынша ғана емес, облыс бойынша барлық мектептермен, жоғары оқу орындарымен толыққанды жұмыс істейміз. Солардың ішінен ең мықты IT- мамандарды өзімізге іріктеп алып, болашақта тек Қазақстан деңгейінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша мықты жобаларды дайындауға дайынбыз деп ойлаймын. ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы және Astana Hub қаржыландырады. Біздің IT-hub үш серіктестің арқасында ашылып отыр. Ол Astana Hub, ШҚО бойынша цифрландыру орталығы және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ. Осы жылдың соңына дейін 20-30 жоба дайындап, шығару керек. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 50 бала тұрақты түрде келіп, білімін шыңдап жатыр,  дейді IT-hub менеджері Дидар Мұратұлы.

Сапар шеңберінде облыс әкімі мен министр Бағдат Мусиннің қатысуымен облыс елді мекендеріндегі жоғары сапалы кеңжолақты интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасына және «IT-хабты дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы», «Спорттық бағдарламалауды дамыту туралы» меморандумдарға қол қойылды.

Фото: Автордікі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив