KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

"Бір ауыл – бір өнім" жобасы нақты бір тауарды өндіруге күш салады

Фото: ШҚО КП

26.05.2023, 11:20 445

ШҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Айгүл Шәкірова әлеуетті табиғи ресурстарды пайдалану есебінен ауылдық жерлерде экономикалық құлдыраудың алдын алу жөніндегі шешім ретінде бізге Жапониядан тәжірибе ретінде "көшіп келген" "Бір ауыл – бір өнім" жобасы жайында түсіндірді.

Жоба принципі қауымдастықтардың қосылған құны жоғары тауарларды іріктеп өндіруіне негізделген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Мәселен, бір ауыл сатылым мен кірісті көбейтіп, сол ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін бизнес ретінде бір бәсекеге қабілетті және негізгі өнім шығарады. "Бір ауыл – бір өнім" қозғалысы 30-дан астам елде бар және оның мақсаты жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтер құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру болып табылады, – дейді Айгүл Шәкірова.

2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін "Бір ауыл – бір өнім" бағытын іске асыру кезеңінде әрбір әйел стартапер немесе жергілікті шикізаттан тауар өндіруші қолөнершілер тауарларының немесе ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелеріне қатысу арқылы өзінің кәсіпкерлік деңгейін арттыра алады. Жобаның күтілетін нәтижесі – жергілікті шикізаттан кемінде бір тауарды іріктеу.

Айта кетейік, "Мен кәсіпкер" құралы шеңберінде ұсынылған жобаларға қатысуға өтінімдер сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Өтінім нысанын, сондай-ақ жобаларға қатысу шарттары туралы консультацияларды ШҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы ӘКДО менеджер-консультанттарынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, 1 қабат, 3 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7232) 742-107.

ӨКП-дегі байланыс тұлғалары:

* "Бір ауыл – бір өнім" бағыты бойынша ӘКДО менеджер-кеңесшісі Жанар Елемесова, тел. 8-777-411-54-01

* "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша ӘКДО менеджер-кеңесшісі Әсем Смайылова, тел. 8-705-701-40-11 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив