KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Пешті дұрыс орнатпау салдарынан өрт шықты – ШҚО

Фото: gov.kz

26.05.2023, 17:35 185

Пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс орындамау өртке әкеліп соқты. 26 мамырда таңғы уақытта Секисовка ауылында монша өртке оранып, өртке қарсы арақашықтықтың болмауынан жалын тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарына жайылған.

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде үй шатырының және қосалқы ғимараттардың ағаш конструкциялары өртеніп кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аумағы 225 шаршы метр болған өрт толықтай сөндірілді. Оған жеке құрамның 13 қызметкері және 4 техника жұмылдырылды. Болжам бойынша, өрт пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын дұрыс орындамағандықтан тұтанған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД бірқатар ережелерді еске салды. Дәлірек айтқанда, пеш жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбау, өртке қарсы аралықты ескеру, күлге су төгіп, ғимараттардан (құрылыстардан) кемінде 15 метр қашықтыққа шығару сынды талаптарды жеткізді.

Өрт шыққан кезде 101 және 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив