KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Облыстық «Балдырған» олимпиадасы тәмамдалды — ШҚО

Фото: Шартты сурет

27.05.2023, 14:38 249

20 мамырда ШҚО білім басқармасының «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының арасында облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізді. Олимпиада ғылымды насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін өсіру, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Олимпиадаға 3-4 сыныптардың екі жүзден аса оқушысы қатысты. Олар аудандық, қалалық кезеңнен іріктеліп алынған.
Байқау Өскемен қаласы №46 орта мектебінің базасында өткізіліп, олимпиада кезінде Youtube арнада тікелей көрсетілім жүргізілген.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 26, ІІ дәрежелі дипломмен 41, ІІІ дәрежелі дипломмен 56 қатысушы марапатталды. Ерекше жетістіктері үшін 72 қатысушыға ШҚО Білім басқармасының грамотасы табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив