KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Тұрғындар іздегенін табатын «Digital east» мобильді қосымшасы — ШҚО

Фото: Шартты сурет

27.05.2023, 15:29 275

Қазіргі таңда облыс орталығында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Digital east» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. 11 санаттан тұратын қосымшада мемлекеттік және қалалық қызмет түрлері толық қамтылған.
Тұрғындар қосымшадан түрлі салаға қатысты ақпарат таба алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қосымшада балабақша, мектеп, дәріхана, емхана, спорттық ұйымдар мен қосымша білім беру орталықтары жайлы ақпарат топтастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қосымшаның көмегі арқылы автобустардың қозғалысын онлайн режимде бақылауға болады. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы керек қызмет түрін оңай алу мүмкіндігі де қарастырылған. Азаматтар бос жұмыс орындары жайлы мәлімет алып, түйіндеме қалдыра алады.
Дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта «Digital east» мобильді қосымшасын 5 мыңнан астам адам жүктеп үлгерген. Мамандар қосымшаны тұрғындарға барынша ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасауға тырысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив