KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Төтенше жағдайлар қызметкерлері еріктілерді оқытты — ШҚО

27.05.2023, 17:47 228

"Жасыл Ел - 2023" маусымының ашылуына орай "Дарын" сауықтыру лагерінің базасындаШҚО ТЖД құтқарушылары облыстық "Жастар ресурстық орталығының" еріктілерін оқытты.
Еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелері, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға қатысты игерген білімді іс жүзінде қолданып көрді. Еріктілер шара барысында кедергі жолағынан өтіп, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, өрт сөндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Мұндай дайындықтың берері көп. Біз өз жұмысымызда жоғалған адамдарды іздеу кезінде, халық арасында профилактикалық шараларды өткізуге көмек қажет болған кезде еріктілерге жүгінеміз,  деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Андрей Иванов.

Дерекке сүйенсек, еріктілер құтқарушылар өткізетін сабақтарға қызыға қатысатын көрінеді.

— Ерікті — бұл қоғамдық пайдалы істермен ақысыз айналысатын адам. Бұл — мейірімді жүрегі бар, өзгелерге көмектесу үшін жеке уақытын бөлуге дайын адамдар. Сондықтан құтқарушылармен өзара іс-қимыл үнемі басымдыққа ие, дейді ШҚО "Жастар ресурстық орталығы" фронт-офисінің директоры Данияр Жүнісов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив