KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

IT- жобалар іріктелетін облыстық фестиваль өтеді — ШҚО

Фото: gov.kz

28.05.2023, 09:47 248 Күмісжан Исан

30 мамырда Өскемен қаласының «Ертіс концерт» алаңында 10-шы облыстық «New generation» IT-фестивалі өтеді. Фестивальда облыс мектептерінің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ғылыми жобаларын ұсынады.
Шара – білім беру саласындағы облыста өтетін жалғыз ауқымды IT-көрме, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қабылданған жұмыстар «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-жобалар», «Robotime», «ClusterPro» сынды 6 сектор бойынша таныстырылады.
Тәуелсіз сарапшылар қорытынды шығарып, үздік жобаларды анықтайды. Сонымен қатар көрмеге келушілер онлайн дауыс беру арқылы «Көрермендер көзайымы» сыйлығының иегерін анықтайды.
Шара алаңында ғылыми ойын-сауық аймағы ұйымдастырылады. Дәлірек айтқанда, келушілер толықтырылған шынайылық аймағы, 3D фотоаймақ, фотостенд сынды жаңа технологиялар жетістіктерін тамашалай алады.
Фестиваль аясында «Skills for geeks» облыстық чемпионаты мен облыс педагогтары арасында өткен «IT-Ustaz 2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар 2023-2024 жылдары StartUp-жобаларды іске асыру үшін облыс әкімінің грантына үміткер 10 адамға сертификат табысталады және 2022 жылғы 10 IT-StartUp-жобаны іске асыру қорытындысы ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив