KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
440.92 475.36 4.82

Шалғай ауылдарда жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді — Зайсан

Фото: gov.kz

28.05.2023, 11:37 247

Аудан орталықтарынан алыс ауылдардың тұрғындарына сапалы медициналық қызмет пен жәрдем ұсыну бүгінгі таңда да өзекті.
Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде жылжымалы кешенді атауға болады. Қазіргі таңда Зайсан ауданындағы шалғай ауылдардың тұрғындарына қызмет көрсету үшін медициналық кешен жабдықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазіргі уақытта өлімнің, аурушаңдықтың және мүгедектіктің жиі кездесетін себептері жұқпалы емес аурулар, оның ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпенің созылмалы аурулары, психикалық бұзылулар, қант диабеті және тағы басқасы. Мәселен, 2022 жылы жылжымалы медициналық кешен қызметі 9603 адамды қамтыды. Ал 2023 жылы 6002 тұрғыны бар 22 елді мекенді қамту жоспарланған. Оның сыртында Тарбағатай ауданына шығу жоспары бар. Төрт айда жылжымалы медициналық кешен қызметін 415 адам пайдаланды. Диагностикалық қызмет – 388, кеңес беру – 1506, ЭКГ – 20, УДЗ – 185. Жұмыс ары қарай жалғасын табады. Бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 рет, айына 8 рет елді мекендерді аралап, медициналық қызмет көрсетеді, – деп мәлімдеді аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Шакизат Жакупбаева. 

Медициналық кешенде окулист, хирург, стоматолог, акушер-гинеколог, оториноларинголог, невропатолог, эндокринолог, УДЗ тексеру, ФЛГ және психолог маманының қызметі қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив