KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

600-ге жуық бала француз тілін үйреніп жатыр – ШҚО

Фото: Шартты сурет

28.05.2023, 15:32 296

ШҚО-дағы бес мектепте 600-ге жуық оқушыға француз тілі үйретіледі.
ШҚО білім басқармасы аймақтағы мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар неміс, француз тілдері де оқытылатынын мәлімдеді. Екі тілді жалпы саны бір жарым мыңнан астам оқушы үйреніп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

- Өңірдегі бес мектепте 600-ге жуық бала француз тілін үйреніп жатыр. Бұл мектептердің 17 мұғалімі француз тілінде сөйлейтін сертификатталған мамандардан білім алса, жеті ұстаз Францияға барып тағылымдамадан өтіп келген. Өткен жылдың соңында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық аясында Франциядан келген волонтер Ален Герен мектептерге француз тіліндегі ғылыми, әдістемелік және балалар әдебиеттерін тапсырды, - деп жазылған басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар облыстағы 6 мектепте тоғыз жүзден астам оқушы неміс тілін оқиды. Қазақстан мен Германияның білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық жалғасын тапқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив