KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Аурухана кәсіпкерге 16 млн теңге төлемеген — ШҚО

Фото: Шартты сурет

28.05.2023, 17:29 222 Күмісжан Исан

ШҚО Шемонаиха аудандық ауруханасы кәсіпкерге көрсеткен қызметі үшін тиісті 16 млн теңге төлемеген.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы Шемонаиха ауданындағы мобильді топқа денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін кәсіпкер жүгінгенін мәлімдеген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет пен жеткізілген тауарлар үшін ақы төлеу жөніндегі шарттық міндеттемелерді аурухана орындамағанын жеткізген.
"Талдау барысында аурухананың жалпы қарызы 16,3 млн теңге екені анықталды. Бұл – бизнестің мүліктік құқықтарының және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың заңдылық принципінің бұзылуы", делінген ақпаратта.
Прокуратура аудандық ауруханаға ұсыным бергеннен кейін мәселе шешіліп, жеке кәсіпкерге қарызы толықтай төленді. Сонымен қатар кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив