KZ
Өскемен
+9°
пасмурно Штиль
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да сарапшылар қуғын-сүргінге қатысты 2466 істі қараған

Фото: ашық дереккөз

31.05.2023, 12:02 3 363

Бүгін халқымыз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың ардақты есімдерін аза тұтатын күн. Қасіретті кезеңді бастан өткеріп, қаншама жазықсыз жапа шеккені, мыңдаған тағдырлар тапталғаны ащы шындық.

Осылай деген облыс әкімі Даниал Ахметов олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта естен шығармау керектігін атап айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы аясында облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылғаны белгілі. Тек 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ғана жұмыс тобының сарапшылары 107 қорды зерделеп, 2466 істі қарады. Жас ұрпақ халқымыздың басына түскен зұлмат жылдар мен Алаш арыстарының ардақты есімдерін білуі міндетті. Бұл – біздің ортақ тарихымыз. Бұл – тарихтан тағылым алып, биік мақсат – толеранттылық пен бейбіт өмірге бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив