KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 10 м/с, С
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да ұялы байланысы жоқ ауылдар бар

Фото: kapital.kz

31.05.2023, 18:51 246 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да облыстық партия филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында ауылдарды ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Жиын барысында Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру проблемалары қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Ахметова Зайсан, Тарбағатай аудандарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

– Зайсан және Тарбағатай аудандарының шекаралас ауылдарын сапалы интернетпен қамту – өзекті мәселе. Зайсан ауданының 8, Тарбағатай ауданының 6 ауылы жыл соңына дейін ұялы байланыспен қамтылады, – дейді  Гүлназ Ахметова.

Партия шекаралық аудандардағы ұялы байланысты жақсарту мәселесін әрдайым назарында ұстайтынын айтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив