KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Жасанды интеллектіні пайдаланып, жазушы шығармашылығын жаңғыртыңыз – ШҚО

Фото: О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана

2.06.2023, 17:07 374

Өскемен қаласындағы О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана жасанды интеллектіні пайдалануға қатысты байқау жариялады.

Байқаудың басты талаптарының бірі бойынша жұмыстар жасанды интеллектіні пайдалану арқылы әзірленуі тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республикалық шығармашылық байқауға Оралхан Бөкейдің шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесі, табиғат көрінісі және оқиғалар желісі көрініс тапқан арт-иллюстрация, бейнелеу, анимациялық видеолар қабылданады.

Қатысушы жасанды интеллектіні пайдалану арқылы өзі өңдеген бір немесе  екі бейне жұмыс немесе бір анимациялық видео ұсына алады.

Байқауға жастар, студенттер, оқушылар мен әртүрлі жастағы кез келген азамат өтінім бере алады.

Толық ақпаратты https://bokeylibrary.kz/2023/06/02/әлемде-өріс-алған-өнер/ сілтемесі бойынша алуға болады.

Байқаудың хабарландыруы үшін кітапхана қызметкерлері жасанды инттеллектіні қолданып, О.Бөкейдің «Қар қызы» шығармасындағы кейіпкерге «жан бітіріп», арнайы туынды дайындаған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив