KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да жаңа оқу жылында кімдерге ыстық тамақ тегін болады?

Фото: goo.edu.kz

2.06.2023, 20:34 263

Жаңа оқу жылының басынан бастап облыстағы барлық бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтанады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов жақында өткен мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Негізгі міндет оқу жылының басынан бастап барлық бастауыш сынып балаларының тегін тамақпен қамтамасыз етілуі. Бұған біз миллиард және 400 миллион теңге бөлеміз. Тағы бір маңызды мәселе – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету. Оған екі миллиард теңге жұмсаймыз, деп нақтылады облыс әкімі.

Аймақ басшысы сондай-ақ биылғы негізгі міндеттердің бірі – балабақшаларда 100 пайыз орынмен қамтамасыз ету екенін айтты. Қазіргі күні, әкімнің айтуынша, шығысқазақстандықтар үш жастан алты жасқа дейін орындармен толық қамтамасыз етілген. Ал екі жастан бастап балабақшаларда 2500-ге жуық орын жетіспейді. Жақын арада облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жеті мекеме салынбақ.

Даниал Ахметов атап өткендей, екі жыл ішінде балабақшалардағы орын тапшылығы толық жойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив