KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да ерекше балаларға арналған орталық ашылды

2.06.2023, 19:28 334 ALTAINEWS

Өскемен қаласында ерекше балаларға арналған әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды.

 «Үлбі» аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аутизмі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықтың ашылу салтанатына ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасы төрағасының орынбасары София Айсағалиева, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан қатысты.

 

Мұнда аутизм спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек көрсетіледі. Бір жерде әртүрлі мамандар әр баламен баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын орталықта 1 жас 6 айдан 18 жасқа дейінгі 125 бала мамандардың көмегін тегін алып, олардың ата-аналарына қолдау көрсетіледі. Ава-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, бейімделген және емдік денешынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог сабақтары қарастырылған.

  «Аутизмі бар бала асырап отырған әр ата-ана үшін бұл орталықтардың маңыздылығы зор. «Қамқорлық» орталықтары «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының ынтымақтастығының арқасында ең заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жерлерде жоғары деңгейде дайындалған мамандар балаларға көмек көрсетеді. Бірлескен еңбегімізді ата-аналар тарапы лайықты бағалайды деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз – елдің барлық өңірін қамти отырып, ерекше балаларды жақын жерден қолжетімді әрі тиімді оңалтумен қамтамасыз ету. Осындай 3 орталық Шымкент пен Павлодар және Талдықорған қалаларында жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 4 орталық Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында ашылады", – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

 

Орталық қызметкерлері аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды оңалту саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың курстары арқылы және тренингтер мен көшпелі семинарларды қамтитын арнайы әзірленген бағдарлама шеңберінде оқудан өтті. Мамандар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен бірнеше кезең бойынша оқытылады.

 

Жоба барысында еңбек терапиясына және әлеуметтік-тұрмыстық бағытқа ерекше назар аударылады. Орталықтағы кабинеттер ағаш ұстасы және қыш шеберханалары, тігін цехымен жабдықталған. Тұрмыстық дағдылар арнайы жабдықталған бөлмеде оқытылады. Сонымен қатар «Қамқорлық» орталығының мамандарының иелігінде жаңа технологиялар, интерактивті және сенсорлық бөлмелер, роботерапия және роботты техника, лего-кабинет бар. Бұл қызметтердің барлығын тегін алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив