KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Онлайн қарыздар бойынша азаматтардың құқықтары қорғалады

Фото: ШҚО соты баспасөз қызметі

3.06.2023, 17:43 4 715 Дәурен Аллабергенұлы

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Онлайн қарыздар бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өттті.

Іс-шара мақсаты – онлайн қарыздар бойынша проблемалық мәселелерді, қабылданып жатқан шараларды, азаматтардың құқықтарын алаяқтықтан қорғауды күшейту үшін идеяларды талқылау, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Дөңгелек үстелге судьялар, прокурорлар, адвокаттар, заң кеңесшілері, ШҚО полиция департаментінің, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ішкі саясат бөлімінің, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Модератор, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов интернет-алаяқтық жылдан-жылға азаймай тұрғанын, олардың көпшілігі ашылмай қалатынын, соның салдарынан азаматтық процесте алданған азаматтарға дәлелдемелер ұсыну қиынға соғатынын айтты.

Ал Өскемен қалалық сотының судьясы А.Касенова өз баяндамасында онлайн қарыздар бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы істер бойынша сот практикасына талдау жасады, онда қай банктерге қатысты талап-арыздар жиі келіп түсетінін де атап кетті.

Агенттік өкілі В.Зуев халықты несиелендіру және тұтынушылық несиелеу сегментіндегі алаяқтық тәуекелдерін азайту үшін қабылданған шараларға тоқталды. Мысалы, заң шығарушы МҚҰ-ның құқық қорғау органдарының ұсынысы, қаулысы немесе заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде клиенттің шағын несиелер бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдау құқығын көздейтінін есте ұстау қажет.

Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қаржы ұйымдарына насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруды, алаяқтық фактілері туралы халықты хабардар етуді, азаматтарды қырағылық пен алдын ала ойластыруды ұсынды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив