KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жыл соңына дейін 36 медпункт ашылуы мүмкін

Фото: ustinka.kz

4.06.2023, 11:37 4 753

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жақын арада ШҚО ауылдарындағы жаңа МСАК нысандарына қаражат бөлетін болса,  медициналық пункттер биыл ашылуы да мүмкін.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов өңірге сапары кезінде бұл міндетті тез арада шешу үшін көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

  "Шығыс Қазақстанда 36 ауылдық медициналық нысан салу жоспарлануда. Бұл ретте әкімдік республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінген кезде оларды жыл соңына дейін аяқтауға дайын. Алтай Көлгінов бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, Денсаулық сақтау министрлігінен биылғы жылы барлық 36 медициналық пункт салу үшін қажетті қаржыландыруды сұрауға уәде берді", деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ол елімізде ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы бойынша 600-ден астам медициналық нысан ашылатынын айтты. Олардың ішінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бар. Ауылда медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін 32 ауданаралық аурухана медициналық жабдықтар – КТ, МРТ аспаптарымен, ангиографтармен, УДЗ, рентген аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-ға сапары барысында Алтай Көлгінов Шығыс Қазақстанның медицина саласындағы тәжірибесін республиканың басқа облыстарына да тарату керектігін айтқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив