KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Шығыс Қазақстанға аптаға созылатын аптап ыстық келді

Фото: stan.kz

4.06.2023, 15:03 307

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 5 маусым күні түстен кейін облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

Соған байланысты облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауды халықтың есіне салады.

  "Күндіз қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болыңыздар.​ Сыртта тек көлеңкеде жүріңіз. Дененің қызып кетуіне жол бермеңіз, салқын душ қабылдаңыз, табиғи матадан жасалған жеңіл әрі кең киім киіңіз. Сыртқа шыққанда бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік болсын. Қантты және алкогольді сусындардан аулақ болу арқылы су ішу режимін сақтаңыз. Судың жанында демалғанда тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылуға болмайды. Таңертең немесе кешке күн жылынған кезде шомылу қажет", делінген департамент таратқан ресми хабарламада.

Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеген дұрыс.

Бұл кезеңде шөпті өртеуге, орманда от жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіру керек. Жол жиектерімен жүрген кезде көлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастауға жол бермеу абзал. Жазғы саяжайларда алғашқы өрт сөндіру құралдары – су құйылған бөшке, құм және өрт сөндіргіш болғаны жөн.

ТЖ кезінде 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив