KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.81 476.82 4.77

Ауыл аманаты: жобаны қалада жүзеге асыруға бола ма?

5.06.2023, 23:15 256 Мадина Амангелдіқызы

"Ауыл аманаты"жобасын қалада жүзеге асыруға бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жауап берді.

Алтай Көлгінов ШҚО-ға жұмыс сапары барысында "Ауыл аманаты" жобасының әлеуетті қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Сайлаудан кейін бұл – Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарын қолдауға арналған алғашқы Жарлығы. Бұл бағдарламаға еліміз бойынша 100 млрд теңге, соның ішінде сіздің облысыңызға 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарын мал шаруашылығы, өсімдік өсіруші, құс өсіруші және басқа да салалардағы жұмыспен қамтамасыз ету», – деді Алтай Сейдірұлы.

Кездесу барысында "бұл жобаны қалада жүзеге асыруға бола ма?" деген сұрақ қойылды. Вице-премьер бағдарламаның өзі ауыл тұрғындарын қолдауға арналғанын, ал қалалық шаруашылықтар үшін субсидиялаудың басқа да тетіктері бар екенін түсіндірді.

Айта кетсек, жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов Шығыстағы денсаулық сақтау және спорт нысандарымен, ерекше мұражайдың жәдігерлерімен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив