KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да тағы бір заманауи орталық ашылды

5.06.2023, 23:52 265 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласында дамуында кінәрат бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған заманауи орталық пайда болды.

Ана мен бала орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықта жыл сайын дамуында кінәрат байқалған және олардың туындау қаупі бар 600 бала абилитациялық және оңалту көмегін алатын болады, сондай-ақ озық үлгілі жабдықта диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.

Балалармен жұмыс істеу үшін жасақталған мамандардың тобы дайындалды. Мамандарды даярлауға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болған. Орталықтың кабинетін жабдықтап, жиһазбен және заманауи техникамен қамтамасыз етуді «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорлары мойнына алған. Ал өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Балалармен оңалтушы-дәрігерлер, неврологтар, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевттер, логопедтер мен дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейтін болады.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, елімізде биыл ерте жастағы балаларға арналған тағы 13 орталық ашу жоспарлануда. «Қамқорлық» қорының ұсынысымен «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері балаларға арналған оңалту орталықтарының ашылуын қаржыландырып келеді. Үш жыл ішінде қор Қазақстанда 15 «Қамқорлық» оңалту және 6 ерте араласу орталығының ашылуын қаржыландырған екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив