KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

ШҚО-дағы ауыл мектебінде роботты техника кабинеті ашылды

9.06.2023, 09:04 201 Оразай Жеңісұлы

Тарбағатай ауданының Қарасу ауылындағы Қ.Қайсенов атындағы орта мектепте роботты техника кабинеті ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Жөргекбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызы, аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов қатысып, жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Самал Нағызханқызы алдағы оқу жылынан бастап роботты техника пәніне штат ашылатынын жеткізді. Бұл кабинеттің жабдықтарын «Арман инжиниринг» компаниясы жеткізген. «Қазақстан халқына» қорынан кабинет жабдықтауға 5 млн теңге бөлініп, екі шкаф, «Red xmax» маркалы робот құрастыруға арналған он қорап жинақ берілді. Кабинетке әрлеу жүргізіліп, қабырғаға ілінетін көрнекіліктер әкелінді. «Арман инжиниринг» компаниясының ұйымдастыруымен информатика мұғалімі Г.Момкенова екі апталық білім жетілдіру курсынан өткен.

– Роботты техника бірнеше пәнді бір арнаға тоғыстырады. Математика, физика, информатикамен қоса, тіпті биологияның заңдылықтарын да жетік білуіңіз қажет. Бұған қоса, құрастыру кезінде күнделікті өмірде алып жатқан білімді де тәжірибеде қолдануға тура келеді. Жалпы, роботты техника саласы мұнымен айналысқан кез келген адамды жан-жақты дамытады. Ауыл балаларына мұндай кабинеттердің берері мол, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив