KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да онкологиялық аурулар бойынша есепке алынғандар көбейді

Сурет: nur.kz

9.06.2023, 17:18 380 Оразай Жеңісұлы

Биыл облыста онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепке алынған науқастар саны көбейгенімен, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайды.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың қорытындылары туралы ақпаратына сүйенсек, осы жылдың басында қатерлі дертке шалдығып, диспансерлік есепке алынғандар саны 4,2 пайызға өскен. Атап айтсақ, өңірде сүт безі, өкпе, колоректалды, асқазан және қуықасты безінің обырына шалдыққандар саны ұлғайған.

Дей тұрғанмен өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл дерттен болатын өлім-жітім 7,2 пайызға азайған. Қазіргі таңда облыста өлімге әкеліп соғатын аурулар ішінде бірінші орында өкпе обыры болса, екінші кезекте асқазан қатерлі ісігі тұр. Жалпы, былтыр облыс бойынша қатерлі ісіктен 851 адам қайтыс болған.

Облыстық басқарманың ақпаратын назарға алған халық қалаулылары әрбір аудан, қаладағы жағдайды ескере отырып, онкологиялық көмекті жақсарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Сонымен қатар скринингтік тексерулер де жоспарлы түрде жүргізіліп, олардың сапасын бақылау күшейеді. Медициналық ұйымдардағы онкологиялық көмек көрсету сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыру да жолға қойылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив