KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Шығыстың оқушылары республикалық әлеуметтік жобалар байқауына қатысты

Фото: gov.kz

12.09.2023, 10:19 1 160

8-10 қыркүйек аралығында Astana IT University-де орта және жоғары сынып оқушыларының арасында төрт айлық «Solve for Tomorrow» атты республикалық әлеуметтік жобалар байқауының финалы өтті.

Жарысқа ШҚО атынан қатысқан құрама финалға өткен ондықтың қатарында бақ сынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл бастама оқушыларға ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) арқылы шығармашылық дағдыларды дамытуға және маңызды мәселелердің өзгеше шешімін табуды үйретуге бағытталған.

ШҚО атынан қатысқан «Мехатроника» – Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан 413 команданың ішіндегі ең жас құрама.

ШҚО әкімінің IT-StartUp дамыту грантының иегері атанған Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Иван Грибенщиков пен Артемий Нечаев байқауда «Дезинфекциялаушы робот» жобасын ұсынып, финалға өткен ондықтың қатарында өнер көрсетті. Оларға стартап жобаның тұжырымдамасын дамыту үшін 300 000 теңге сомасында сертификат табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив