Өскемен
-10°
туман ветер 2 м/с, В
461.33 501.65 5.1

Өскеменде мас күйде көлік басқарған жүргізушілер анықталды

Фото: egemen.kz

21.09.2023, 11:23 127 0 Күмісжан Исан

Өскемен қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

15-18 қыркүйекте жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік басқарған 5 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Осы және басқа да құқық бұзушылардың көліктері мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйде көлік басқарған 1 жүргізуші ұсталды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

 

 

127
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив