Өскемен
облачно с прояснениями ветер 3,1 м/с, В
460.15 501.38 5.11

Қасым Қайсенов кентінде жарылған су құбырын жөндеп жатыр

21.09.2023, 22:13 226 0 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде суық су өшірілді. Сумен жабдықтау желісінде құбыр жарылғандықтан кенттегі көппәтерлі тұрғын үйлер мен мекемелер сусыз қалды.
Құбыр кешке қарай сағат 19:30 шамасында жарылған. Апатты жою бойынша жұмыстар жедел түрде қолға алынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

-    Жағдай аудан әкімдігінің бақылауында. Тұрғындарға су жеткізіліп отырады. Құбырды жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталады, - дейді кент әкімі Адылбек Рамазанов. 

Айта кетсек, қазір кентте барлығы 7 мыңға жуық абонент сусыз қалды. Оның ішінде 32 көппәтерлі үй, 4 білім беру мекемесі мен 64 заңды мекеме бар.
Дәл қазір апат орнында «Молодежный» КМК-ның 12 қызметкерінен құрылған бригада жұмыс істеп жатыр. Барлығы 3 техника жұмылдырылды.

 

226
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив