Өскемен
облачно с прояснениями ветер 3,1 м/с, В
460.15 501.38 5.11

ЖРВИ мен тұмау көбейген жағдайда оқушылар қашықтықтан оқуы мүмкін бе?

Фото: ortcom.kz

29.09.2023, 15:26 236 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл басынан бері ЖРВИ жұқтырған 157 мың жағдай тіркелсе, оның 92 мыңға жуығы - 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68 мыңға артық.

Эпидемиологтардың айтуынша, балалар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 2,2 есе өсіп, тұмау жұқтырған 60 бала тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Статистикаға сүйенсек, негізінен суық тию жағдайлары қыста, яғни желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында жиі кездесетін көрінеді. Көбінесе балалар мен жасөспірімдер оқу орындарында бір-бірінен тез жұқтырып алады.

- ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ЖРВИ және тұмаумен көбейген жағдайда білім беру орынарында балаларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру ұсынылады, - деп түсіндірді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Естеріңізге сала кетейік, суық тиюдің эпидемиологиялық маусымы 1 қазаннан басталады.

236
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив