KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 5 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Ұлан ауданының шаруалары Өскеменге табиғи өнім жеткізді

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
7.10.2023, 09:00 497 Оразай Жеңісұлы

Шығыстың бас шаһарындағы жұртшылық біраз уақыттан бері сенбінің таңын тойбазармен атырып жүр.

Бұл жолы облыс орталығына Ұлан ауданының шаруалары табиғи өнім жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Жәрмеңке басты талабына сай: баға — төмен, сапа — жоғары. Ал әкелінген азық-түлік алуан түрлі. Ет, сүт, бал сынды әдеттегі ауыл дәмдерімен қатар қара уылдырық та тұр. Бұл өнім Саратов ауылындағы бекіре тұқымдас балық өсіретін "Ost Fish" фермасында өндіріледі. Аталмыш кәсіпорында әлемдегі ең заманауи технологиялардың бірі қолданылатынын айтуымыз керек. Мұндағы мамандар бір жылда 4 тонна уылдырық алады. 

— Өнімдерді қазір ішкі нарыққа өткіземіз. Енді ТМД елдерінде және алыс шет елдерде сатылымға шығарып, өндіріс көлемін ұлғайтсақ деген жоспарымыз бар, — дейді ферма директоры Ерлан Сағидолдин.

Сондай-ақ ұландықтар 4 тонна жылқы етін, 8 тонна сиыр етін, 1,5 тонна қой етін, жарты тонна сүт өнімдерін саудалады. 

Бұл күні аудандық мәдениет үйінің әртістері тойбазарды ән-күйге бөледі. Ал қыран бүркітін тұғырға қондырып, құмай тазысын жетектей келген бозанбайлықтар базаршыл қауымның көзайымына айналды.

Айта кетсек, кеше ауданның мәдени күндері аясында үлкен гала-концерт өткен болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив