KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

ЖЭО мен ТҮКШ саласын қажетті кадрлармен қамтамасыз етеміз - ШҚТУ ректоры

3.01.2024, 14:50 765 ALTAINEWS

Сәуле РАХМЕТУЛЛИНА, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ ректоры – Басқарма төрағасы:

 

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатымен таныстым. Онда Мемлекет басшысы еліміздің өткені мен болашағына қатысты көптеген мәселені қаузап, қоғамды толғандыратын бірталай сұраққа жауап берді. Маңызды мәселе – жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті нығайту. Осы ретте, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды есте сақтау арқылы біз өткенімізге құрмет көрсететінімізді ұмытпауымыз керек. Мәселен, ағымдағы жылы әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық, Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтпек. Сол сияқты, биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Мемлекет басшысы 2024 жылы еліміздің 200-ден астам ғалымы мен 60-қа жуық шетелдік маманның атсалысуымен жазылған Қазақстан тарихына арналған көптомдық еңбекті әзірлеу жұмыстары аяқталатынын атап өтті.

Бүгінде көпшілігімізді еліміздегі ЖЭО мен ТҮКШ-тің  жағдайы алаңдататыны рас. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, мұндай жағдай бір күнде туындаған жоқ, бұл жылдар бойы қордаланып келген мәселе. Бүкіл ел бойынша инженерлік инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту өте ауқымды әрі күрделі мәселе, бірақ ол да біртіндеп шешімін табуда. Осы орайда, ШҚТУ аталмыш саланың кадрларын даярлайтын техникалық университет ретіндегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін өте жақсы түсінуде. Жалпы, ЖЭО мен ТҮКШ саласын қажетті кадрлармен қамтамасыз ету – өте өзекті мәселе және Мемлекет басшысы бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын. Мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, біз Өскемен ЖЭО базасында филиал аштық. Саланы жаңа мамандармен қамтамасыз етуде дуальды оқыту таптырмайтын тәсіл. Әсіресе, Өскеменде жаңа ЖЭО салу жоспарланып отырғанын ескерсек.

Сондай-ақ, сұхбатта Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды. Бұл – бүкілхалықтық референдумда шешілетін мәселе. Бұл ретте, өткен жылы қос диплом бағдарламасының ШҚТУ түлектері атом энергетикасы саласы бойынша дипломдарын сәтті қорғап шыққанын атап өткім келеді.

Сыртқы саясат туралы айта келе, ел Президенті қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан үшін барлық шетелдік әріптеспен, ең алдымен, көршілермен өзара тиімді әрі прагматикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін тілге тиек етті.

Айта кету керек, Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын дәлелдей отырып, халықаралық академиялық кеңістікке белсенді интеграциялануда. Біздің жоғары оқу орындарымыз QS WUR, Times Higher Education сияқты әлемдік рейтингтерде өз позицияларын біршама нығайтты, бұған қоса, елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуда.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ шығыстағы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастың нығаюына өз үлесін қосуда. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында бізде гибридті және электрлік автомобильдер құрастыру саласына қажетті кадрлар даярлайтын, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол қозғалысын ұйымдастыратын Лу Бань шеберханасы ашылған болатын. Қытай электромобильдер өндірісі мен экспорты бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Біз үшін осы технологиялардың трансферті мен аталмыш сала кадрларын даярлау күн тәртібіндегі мәселенің бірі.

Қорытындылай келе, еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында екенін ерекше атап өткен жөн. Жастарға атқарушы және заң шығарушы билікке жол ашатын жаңа шаралар қабылдау, жас ғалымдар мен педагогтарды, жас отбасыларды қолдау – осының бәрі Қазақстанның болашағына қосар ортақ үлесіміз. Және еліміздің Президенті бұл мәселеге айрықша назар аударуда.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив