Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 24 мамырына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

0

722

 

Маняк. Кеңес өкіметі тұсында жұрт оларды тек капиталистік елдерде болатын ерекше қанішерлер деп ойлайтын. Алайда, маньяктардың көбі сол Одақта өмір сүріпті. Десек те, халық одан бейхабар еді. Ондай қылмыстар жарияланбайтын. 1970-80 жылдары Өскеменде де 16 әйелді зорлап өлтірген айуан болған. Сонымен рет-ретімен баяндасақ...

«Қылмыс орнына оралу» қағидасы

1987 жылдың қазан айында Путевая көшесіндегі (ҮМЗ зауыты жанындағы айналма жол) православтар зиратының маңынан 16 жасар қыздың мәйіті табылады. Дене шұңқырға тасталып, үстінен бұта-жапырақтармен жабылыпты. Құқық қорғау қызметкерлері мәйіт астынан алюминий түйме табады. Ол өлген қыздың киімінен емес-тін.

Ізкесушілерде «кісі өлтірген адам бірер күннен кейін өзінің қылмыс жасаған орнына қайта оралады» деген қағида бар. Оның себебін психологтар әлі анықтамаса да, көп жағдайда солай болады. Осыны және мәйіттің тығылғанын ескерген милиционерлер қылмыскердің бұл маңға тағы келетінін долбарлайды.

Үлбі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Виктор Котов осы аумаққа күзет қоюды шешеді. Алғашқы түні кезек милиционерлер Нұрбек Бұлжанов пен Андрей Устьянцевке жүктеледі.

Түн ызғарлы болады. Сол жылы қар ерте түскен. Алдымен Устьянцев жаурай бастайды. Бірақ бұйрық бойынша таңға дейін екеуі ешқайда кетпей, бөгде адам келсе, ұстауы тиіс. Бір уақытта ағаш арасында отырған Андрей қардағы жіңішке жолмен келе жатқан еркекті байқайды. Ол бірден әлгінің алдынан шығады. Атап өтерлігі, милиционерлер штаттық киімде болатын. Устьянцев еркекті тоқтатып, темекі сұрайды. Ол «міне» деп шылымды ұсынып, оттықты тұтатады. Сол кезде Устьянцев әлгінің курткасында бір түйменің жоғын көреді. Ал қалған түймелері мәйіт астынан табылған түймеден аумайды. Милиционердің денесі дір ете түсті. Ол қалтасынан куәлігін көрсетіп, бөлімшеге жүруін ұсынады. Осы кезде тасадағы Бұлжанов та жүгіріп жетеді.Бейтаныс еркек еш қарсылық білдірмей, «не үшін?»деп сұрайды. «Оны бөлімшеде тергеушіге айтасын» деген тәртіп сақшылары күдіктіні ортаға алып соқпақпен бөлімше жаққа жүріп кетеді. Алда – Бұлжанов, артта– Устьянцев. Олар ұстаған адамдарын аман-есен бөлімшеге ертіп келген. Тек соңынан қылмыскердің жол бойы қайсысын бірінші өлтірем деп келе жатқаны белгілі болады. Оның жеңінде бәкі жасырынған екен. «Алдағыны бірінші құлатып, одан кейін артқысын жайратайын ба, әлде керісінше жасайын ба?» деп ойы сан-саққа жүгіріп, оңтайлы сәтті күтіп келе жатқан қылмыскер бөлімшеге жеткенін байқамай қалған. Тек бөлімшеге кіре бергенде ол жеңіндегі қаруды білдіртпей қарға лақтырмақ болады, бірақ жеңіне тіреліп, тура Бұлжановтың алдына топ ете түседі.

Бәрін де өзі айтып берген

1956 жылы туған жүргізуші-экспедитор Юрий Иванов құқық қорғаушылардың қолына осылай түскен. Тергеу барысында оның көптеген әйелдерді зорлап, қинап өлтірген қанішер екені анықталады. Ол қылмыстарды бірнеше жыл бойы жасап келіпті.

Тағы бір қызығы, Ивановтың бір қылмысы үшін еш кінәсіз Өскемен тұрғыны Пименов айыпталып, 12 жылға сотталып та кеткен екен.

Иванов тергеу оқшаулағышына тоғытылып, онымен прокуратураның тергеушісі Рашид Жақыпов, милиционерлер Қазыбек Тоқтарғалиев, Василий Кирилов, Андрей Ларионов айналысады.

Белгілі болғаны, Иванов бірнеше рет үйленіп, бірнеше әйелмен азаматтық некеде тұрған екен. Ол әйелдердің бәрі де толық тергеледі. Өйткен, бас кезінде күдікті өзі, жеке өмірі туралы тіс жармаған. Кейбір әйелдер оның үйге кеш келген кездері болғанын, кейде денесінен тырнақ іздерін көргенін, үйге түрлі әйелдер киімдерін әкеп жүретінін айтқан. Айталық, бір келіншегіне сыйға деп ақ кофта әкеп беріпті.Бірақ, әйелдердің берген ақпараты тым аз еді.

Негізгі мәліметті қанішердің бұрынғы камералас танысы айтып берген. Жүргізуші болып жұмыс істеген Иванов жолшыбай бір әйелді көлігіне отырғызып алады. Содан жолдан бұрылып, әлгі келіншекті зорламақ болады. Бірақ әйел қашып құтылып, милицияға арызданады. Ақыры осы қылығы үшін ол үш жылға сотталады.Отырған колониясы жеңіл режимде болғандықтан, күндіз қалаға шығып жүрген. Сол түрмеде отырғанда камералас досы оның кеш оралып, өзімен пышақ, жіп, әйелдер әшекейлерін әкеп жүргенін милиция қызметкерлеріне айтады.

Милиционерлердің қылмыскердің осы екеніне күмәндері қалмайды, олар Ивановқа барлық қолда бар дәлел-дәйектерін жайып салады. Амалы құрыған Иванов осы кезде:

–Барлық әйелдерді де таптыңдар ма? – деп сұрайды кенеттен.

Тәртіп сақшысы Иванов бұрынғы бірге тұрған келіншектер турасында айтып отырған шығар деп ойлап:

–Иә, таптық бәрін, – дейді.

Сөйтсе, ол көңілдес әйелдерін емес, өзі өлтірген әйелдердің мүрделерін айтқан екен. Милиционерлер өздері шошып кетеді. Олар оны бір ғана қылмыс үшін кінәлі деп ойлап жүрген ғой. Бірақ неге екені белгісіз, Иванов өз қылмыстары туралы өзі тәптіштеп тұрып айтып береді. Алғашқысы он бір жыл бұрын жасалған екен.

Яғни, қанішерді милиционерлер құрықтады деу артық, қылмыскердің өзі бәрін айтып беріп отыр.

«Бәстесейік, үйге жаяу жетем»

1976 жылы Согра аумағында жырты жыл ішінде 11 әйел зорланып, тоналған болатын. Сол кезде милиция қылмыскерді әрі іздеп, бері іздеп таппаған-ды. Діңкелері құрыған олар әйел милиционерлерді түнгі көшелермен жүргізіп, аңдымақ болады. Бірақ бір жағынан, басшылық әріптестерінің өмірі үшін алаңдайды. Сонымен амал жоқ, дене тұрқы әйелге келіңкірейтін лейтенант Николай Вепрецкий әйел киімін киіп, қылмыстар орын алған аумақпен жүре бастайды. Ол күнде кешке белгіленген маршрутпен жүреді. Бір күні қызметкерді бір еркек тұтқиылдан бас салады. Лейтенант әп-сәтте әлгіні сұлатып, бөлімшеге жеткізеді. Күдікті төрт әйелді ғана зорлағанын мойындап, қалған жетеуіне қатысы жоғын айтып еңірейді. Бірақ қылмыстың бәрі соның мойнына артылып, теміртордың ар жағына кете барады. Кейін белгілі болғандай, қалған әйелдерді Иванов зорлаған екен. Ол кезде, яғни 1976 жылы Иванов өз құрбандарын өлтірмейтін, тек зорлап, бағалы заттарын алып, жөніне кететін.

1977 жылы Өскеменнің Жібек маталар комбинаты (КШТ) аумағында жұрт үреймен жүретін. Себебі сол жылы осы аумақтан он шақты әйелдің өлі денесі табылған-ды. Олар зорланып, тұншықтырылып отырыпты. Бірақ милиция қылмыскерді ұстай алмаған. Тіпті Мәскеудің «дереу қылмыскерді тауып, жазаға тартыңдар» деген пәрмені де көмектеспеді.

Иванов сол әйелдердің бәрін өзі өлтіргенін милиционерлерге тергеу барысында айтып береді. Милиционерлер тергеу кезінде оны КШТ-ға алып барып, өлтірген жерлерін көрсетуді талап етеді.Иванов қай уақытта, қай жерде, қалай өлтіргенін бұлжытпай айтыпберген. Құқық қорғаушылар оның есте сақтау қабілетіне таңғалыпты.

Иванов органның адамдарына мына бір қызық жайтты да әңгімелеп берген. Бір күні ол №33 автобуспен КШТ аумағына кетіп бара жатып, алда отырған екі келіншектің әңгімесіне құлақ түреді. Олардың бірі екіншісіне КШТ-да бірнеше әйелдің өлі денесі табылғанын айтып отырады.

– Ой, оның бәрі – бос әңгіме. Ешқандай кісі өлтіруші жоқ. Бар болса, айтар еді ғой радио-теледидардан, газеттерде жазушы еді. Кел, бәстесейік, мен қазір автобустан түсіп қалып, үйге жаяу барам. Маған түк те болмайды! – дейді екіншісі. Осылай деп ол КШТ-ға жетпей,«лесополосадан» түсіп қалады.

Келесі аялдамадан Иванов түседі де, кері жүреді. Ол жол шетімен кетіп бара жатқан қызды ағаштар арасына сүйреп апарып, зорлап, өлтіріп кетеді...

Дәрігерлер диагноз қоя алмапты

Көпті көрген милиционерлер Ивановтың айтқандарынан үрейде болады. Ол 14 әйелді тек зорлағанын, 16 әйелді зорлап өлтіргенін айтады.

Қылмыстың бірі әйеліне сыйлаған ақ кофтаның арқасында дәлелденген. Киімді ол өлтірген әйелден шешіп алған. Ал аталмыш кофтаны марқұм әйелге сіңлісі сыйлаған екен. Тергеушілер сол үшін сіңлісі тұратын Литваға барады. «Иә, дәл осы кофтаны мен Вильнюстен сатып алып, Өскеменге барғанда апайыма сыйлағам» - депті киімді таныған сіңлісі жылап тұрып.

Тергеушілер Ивановты Мәскеудегі Сербский атындағы психиатриялық институтқа апарып тексертеді. Өйткені оның сау не ауру екенін анықтайтын мекеме Қазақстанда жоқ болатын. Бірақ Иванов тағы да тұйықталып, ештеңе айтпай қояды. Сол себепті дәрігерлер оған диагноз қоя алмапты.

– Ауру деп айта алмайсың, сөздері есі дұрыс адамдікі.Түрлі анекдоттар, қызық әңгімелер айтып күлдіртетін. Жас кезінде мәдениет үйінде сырнайшы болыпты. Бір рет ашылып сөйлегені есімде. Сол кезде ол әйелдерден әбден көңілі қалғанын айтты. «Алғашқы әйелім көзіме шөп салды. Содан бері әйел атаулының бәрін жек көріп кеттім» дегені есімде. Бір күні іссапардан үйіне келгенде, зайыбын ашынасымен ұстап алады. Осыдан кейін ол әйелдерді өлтіруді бастайды. 1977-1987 жылдар аралығында қылмыс жасауды доғарған. 1987 жылы бірге тұрған кезекті әйелмен ажырасқан соң, қайта өз ісіне көшеді, – дейді осы іспен шұғылданған Рашид Жақыпов.

Соттағы соңғы сөзінде Иванов: «Адамдарға қаншама қасірет әкелдім. Мені атып тастаңдаршы», - деген екен.Үкімнің қандай болатыны түсінікті еді. Әлбетте, ату жазасы. Ол сот болған 1989 жылы атылады. Атылар алдында ол жалғыз қызымен кездестіруін сұраған. Милиционерлер қызын тауып, өтінішін жеткізеді. Бірақ қызы әкесін көруден үзілді-кесілді бас тартады...

Сот үкімі шыққан соң, жедел уәкіл Андрей Ларионов түрмеге барып, сондағы Пименовке жағымды жаңалығын жеткізеді. Одан барлық айыптар алынып, бостандыққа шығарылады.

Пименовтің әйелі Ивановтың бір құрбаны болатын. Оны Сограда үйіне қайтып бара жатқанда өлтіріпті. Күдік алдымен күйеуіне түскен, ал ол болса:

–Мен әйеліммен оның алдында ұрсысып қалғам, соққаным бар, мүмкін содан өліп кеткен шығар, жүрегі әлсіз болатын, – демесі бар ма. Кім біледі, мүмкін қызылжағалылар ұрып-соғып көндірген болар.Милиционерлерге де керегі сол –қылмыскердің табылып, істің жабылғаны.

Осылайша ол 12 жылдың 7 жылын отырып шығады. Жеті жыл бойы өзінің кінәсіздігін айтып, прокуратураға хат жазумен болады. Бірақ оны босатқанда, қуанбапты да. «Сотталушы Пименов, сіз боссыз, келіп қолыңызды қойыңыз» деген колония бастығына тақап кеп: «Мен сотталушы емеспін, мен азаматпын. Менімен адамша сөйлес», - депті кектене. Ол да сол кездегі жүйенің бір құрбаны еді. Бірақ үкімет оған 7 жылдың өтеуіне қомақты ақша төлепті. Ол қаржыға Пименов су жаңа «Москвич» сатып алған.

 

Бұл оқиға туралы деректі фильм де түсірілген.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 15:16

Пойызбен итіңізді алып жүру үшін бір купені толықтай аласыз

Бүгін, 15:04

Өскеменде көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен жаяу жүргіншінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

Бүгін, 14:46

Демалыс күндері қайта суытады

Бүгін, 14:09

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

Бүгін, 12:52

ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан қаза болды

Бүгін, 12:36

Өскеменде есірткі сатушылар құрықталды (видео)

Бүгін, 12:18

Қазақстанда 5G байланыс желісі енгізіледі

Бүгін, 12:07

Өскеменнің бірнеше көшесінде бес күнге ыстық су тоқтатылады

Бүгін, 11:55

Өскеменде «Шахмат үйі» пайда болады

Бүгін, 11:29

"Маған сыйлық керек емес", - Батыр бала ШҚО-да болған оқиғаны айтып берді

Бүгін, 11:20

Қазақстандағы науқас балалар шетелде емделе алатын болды

Бүгін, 11:06

"Алтайдың" бұрынғы бапкері "Жетісуға" келді

Бүгін, 10:41

Аягөзде жасы 80-нен асса да мотоциклмен жүретін апа бар

Бүгін, 10:00

Тараздағы Көкпар чемпионаты. ШҚО құрамасы үшінші орынға таласады

Бүгін, 09:59

Әлемдік брендтердің биылғы мықтысын біле жүріңіз!

Бүгін, 09:46

Өскеменнің екі көшесінде жылдамдықты 40-тан асыруға болмайды

Бүгін, 09:21

Өскеменнің полицейлері одан сайын күшейтіледі

Бүгін, 09:00

24 мамыр: ШҚО-да күн жылынады

Бүгін, 08:45

Күршімдегі дауыл: Теректерді түбірімен қопарып кетті (ВИДЕО)

23.05.19, 19:45

ШҚО-да "40 мың гектарға" қатысты мәлімдеме жасалды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 20:00

Youtube желісіндегілер қазақтың намысшыл жігітіне рахмет айтып жатыр (ВИДЕО)

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

28.04.19, 12:27

Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

19.04.19, 17:14

"Бұйрыққа қол қойылды" Бердібек Сапарбаев атаулы көмектің кімдерге берілетінін айтты

15.04.19, 11:27

Еуропа елдері Lada маркалы көліктерден құтылып жатыр

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

Бүгін, 15:16

Пойызбен итіңізді алып жүру үшін бір купені толықтай аласыз

Бүгін, 15:16

Какие растения помогают бороться с инфекцией?

Бүгін, 15:04

Өскеменде көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен жаяу жүргіншінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

Бүгін, 14:46

Демалыс күндері қайта суытады

Бүгін, 14:09

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

Бүгін, 14:04

Спецназовцы поделились опытом со школьниками Усть-Каменогорска

Бүгін, 13:10

В Усть-Каменогорске задержаны распространители героина

Бүгін, 12:52

ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан қаза болды

Бүгін, 12:36

Өскеменде есірткі сатушылар құрықталды (видео)

Бүгін, 12:20

В ВКО в течение трех месяцев крали скот в одном и том же крестьянском хозяйстве

Бүгін, 12:18

Қазақстанда 5G байланыс желісі енгізіледі

Бүгін, 12:07

Өскеменнің бірнеше көшесінде бес күнге ыстық су тоқтатылады

Бүгін, 11:55

Өскеменде «Шахмат үйі» пайда болады

Бүгін, 11:29

"Маған сыйлық керек емес", - Батыр бала ШҚО-да болған оқиғаны айтып берді

Бүгін, 11:20

Қазақстандағы науқас балалар шетелде емделе алатын болды

Бүгін, 11:06

"Алтайдың" бұрынғы бапкері "Жетісуға" келді

Бүгін, 11:02

Девять казахстанцев пострадали в ДТП в Италии

Бүгін, 10:41

Аягөзде жасы 80-нен асса да мотоциклмен жүретін апа бар

21.05.19, 20:55

Выборы-2019: как найти восточноказахстанцам себя в списках избирателей

17.05.19, 12:37

Пожилого любителя «экзотических» трав задержали полицейские Семея

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: