Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 16 қарашасына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Спорт

Өскеменде бір аптаға созылған веложарыста монаколықтар топ жарды (Фоторепортаж)

0

97

Өскеменде «Қазақстан оқушысы-2019» көпкүндік веложарысы мәресіне жетті. Осымен 50-ші рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген велошабандоздармен қатар, Өзбекстан, Ресей және Монако Князьдігінен 130-ға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаладағы Комсомол аралында өткен жарыстың жабылу салтанатына даңқты велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен велотректен Азия және Әлем чемпионы Алексей Лялько қатысты. Жеңімпаздарды аймақ басшысы Даниал Ахметовтің атынан құттықтаған облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев жас спортшыларға алдағы додаларда да сәттілік тіледі.

– Осымен 50-ші рет ұйымдастырылған «Қазақстан оқушысы» жарыстарының 20-сы біздің облыста өткенін мақтан тұтамыз. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та кезінде өздерің сияқты спорттық мансабын осы веложарыстан бастаған болатын. Бұл бірегей додаға қатысу арқылы сендердің де тәжірибелерің толысып, шеберліктерің шыңдала түсетіні ақиқат. Аталмыш веложарысқа қатысушылардың арасынан еліміздің атын әлемге әйгілейтін чемпиондар шығатына сеніміміз мол, – деді Ж.Сәрсебаев.

Ал жарыстың жабылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқан Александр Винокуров болса, велобәйгенің мән-мағынасы мен деңгейі жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтып, спорттық іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан облыс басшылығына алғыс сезімін білдірді.

– Сонау 1987 жылы мен де бұл жарысқа қатысқан болатынмын. Сол кезде осындай биік белестерді бағындырамын деп ойламаппын. Бірақ мен көп еңбектендім. Бүгінге дейін жеткен жетістігімнің бәрі сол төгілген терімнің арқасы. Сондықтан жастарға айтарым, алынбайтын қамал жоқ, еңбектеніңдер, армандаңдар, алдарыңа мақсат қойыңдар, – деді даңқты велошабандоз.

Бір қызығы, биылғы додаға Винокуровтың екі ұлы Николай мен Александр да қатысыпты. «Monaco team» командасы сапында өнер көрсеткен олар веложарыстың бірнеше кезеңде мәре сызығын алғашқылардың бірі болып кесіп, әкелерін қуантты.

Жалпы, биылғы додада Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының велошабандоздары жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Бұл командалардың өкілдері жарыстың түгелдей дерлік кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Дегенмен жалпыкомандалық есепте топ жарған бұлар емес, алыстағы Еуропадан жеткен «Monaco team» командасы болды. Әсіресе Гийом Брудер деген тегі франциялық жас велошабандоздың шеберлігіне еріксіз қол соғасың. Антиб қаласының тумасы алты кезеңнен тұратын жарыстың барлық сайысында алдыңғы шептен көрінді. Нәтижесінде жарыс жеңімпазының сары жейдесін де осы велошабандоз киді.

Ал отандастарымыздың арасында елордалық Нұржан Хатпиннің өнерін атап өтуге болады. Бұл жас велошабандоздың кәсіпқой еуропалық әріптестерінен еш қалыспай, тіптен кей кезеңдерде алдарын орап кеткені көңілге үміт ұялатты.

Өкінішке қарай, биылғы бәсекеде біздің облыстың өкілдері ауыз толтырып айтарлықтай өнер көрсете алмады. Шығысқазақстандық велошабандоздар алты кезеңнің бірде-бірінде жүлделі орыннан көрінген жоқ. Демек, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін бапкерлерімізге де, спортшылардың өздеріне де әлі көп еңбектену қажет.
Жарыс қорытындысына келсек, жалпыкомандалық есепте монаколықтардан кейінгі жүлделі екінші және үшінші орындарға Талғар (Алматы облысы) мен Шымкент қалаларының командалары ие болды. Үздік нәтиже көрсеткен ұжымдар мен бірнеше аталымда топ жарған велошабандоздар ұйымдастырушылар, сондай-ақ Александр Винокуров қоры атынан кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

– «Қазақстан оқушысы» – ерекше веложарыс. Оған кезінде таңдаулы деген отандық велошабандоздар барлығы қатысқан болатын. Сондықтан бұл жарыстың жас спортшылар үшін орны бөлек. Шығыс Қазақстан жерінде осымен 20-ші рет өткізілген биылғы велобәйге де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Командалар бір-біріне сай болды, жарыс аса тартысты өрбіді. Нағыз мықтылар жеңіске жетті, – дейді веложарыстың бас төрешісі Рашид Хакимов.

Естеріңізге салайық, тура бір аптаға созылған велобәйге қатысушылар Өскемен мен Риддер қалаларының, сондай-ақ, Алтай, Глубокое, Ұлан аудандарының жолдарымен жүріп өтті.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

15.11.19, 15:20

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

15.11.19, 15:18

Өскемендегі әнші фонтандар енді жұмыс істемейді

15.11.19, 15:15

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

15.11.19, 15:06

ШҚО таэквондошылары халықаралық додадан олжалы оралды

15.11.19, 15:02

Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапқан

15.11.19, 14:49

ШҚО-да соңғы он айда мал ұрлаған 119 адам ұсталды

15.11.19, 14:14

Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

15.11.19, 13:53

«Менің тапсырмам орындалмады» - Тоқаев азық-түлік бағасы туралы айтты

15.11.19, 13:32

ШҚО спортшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

15.11.19, 13:15

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15.11.19, 12:41

Тоқаев жол жиегіндегі дәретханаларды сынға алды

15.11.19, 12:28

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» тағы жеңді

15.11.19, 12:13

Семейде ер адам полицияға жалған арыз берді

15.11.19, 12:07

ШҚО полициясы "Аулада қабылдау" акциясын өткізеді

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

15.11.19, 15:20

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

15.11.19, 15:18

Өскемендегі әнші фонтандар енді жұмыс істемейді

15.11.19, 15:15

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

15.11.19, 15:06

ШҚО таэквондошылары халықаралық додадан олжалы оралды

15.11.19, 15:02

Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапқан

15.11.19, 14:49

ШҚО-да соңғы он айда мал ұрлаған 119 адам ұсталды

15.11.19, 14:14

Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

15.11.19, 13:53

«Менің тапсырмам орындалмады» - Тоқаев азық-түлік бағасы туралы айтты

15.11.19, 13:32

ШҚО спортшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

15.11.19, 13:15

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15.11.19, 12:41

Тоқаев жол жиегіндегі дәретханаларды сынға алды

15.11.19, 12:28

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» тағы жеңді

15.11.19, 12:13

Семейде ер адам полицияға жалған арыз берді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: